Атырау, 25 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қостанай облысында тағы бір қыз жоғалды

1 957 просмотра

Тұспалдау қағазы. Сурет alau.kz сайтынан алынған.Тұспалдау қағазы. Сурет alau.kz сайтынан алынған."Қостанай облысында жоғалған тағы бір қыз ізделуде. 15 жасар Гүльмира Салықова 24 мамыр күні жоғалып кеткен, бүгінге дейін ол туралы ешқандай мәлімет жоқ" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Алау" ақпараттық порталына сілтеме жасап. Жоғалған мектеп оқушысын іздеуге еріктілер де атсалысуда.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар "Одноклассники" бөлімінде хабарландыру таратты. Хабарландыруда, "Қостанай! Затобольскі! Назар аударыңыздар! 24.05.2014 жылы Затобольскі ауылының тұрғыны 20.12.1998 жыл туған Салықова Гүлмира үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бойы 160 см, ұзын қара шашты, қазақ. Үстінде бас жамылғысы бар қара былғары күртеше, қара джинсы шалбар, аяғында жасыл кроссовки болған. Қолына қара былғары сөмке ұстаған. Қандай да бір мәлімет болса, 87056703928 телефоны арқылы анасына немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз" делінген.

Жоғалған тоғызыншы сынып оқушысының анасы Алмагүл Салықова бұған дейін де қызының үйден қашып кету оқиғасының болғанын айтады. Бірақ ол кезде осылай ұзақ уақыт жоқ болып кетпеген. "Гүлмира жоғалған күннің ертеңінде мен полицияға арыз жаздым" дейді көз жасына ерік берген Алмагүл. "Біз Викторовка ауылына бардық, өйткені алғаш қашып кеткенде Гүлмира сонда барып тығылған болатын. Алайда бұл жолы ол жерде болмай шықты. Біз сол кезде Гүлмира түнеп шыққан үйдің әйеліне тұспалдау қағазын қалдырып кеттік. Ол көмектесетінін айтты" дейді Алмагүл Салықова.

Көмектесуге ниет білдірген еріктілер белгілі үлгімен іздеу жүргізіп жатыр. "31 телеарнаға" берген сұхбатында еріктілер мүшесі Анна "облыста мынандай жағдай болғанда, адамдарды көтеру соншалықты қиын емес. Адамдар үнсіз қалған жоқ. Жиналып, тұспалдау қағазын жапсырып, анасымен сөйлесіп жатырмыз" деп мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетсек таяуда ғана Қостанай облысында айуандықпен өлтірілген жеті жасар Виктория Ганяның денесі табылған болатын. Ол Рудныйда жоғалып кетіп, оны көпшілік болып бір ай іздеген еді. Виканың өлімі қоғамда үлкен дау тудырды.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 маусым 2014, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.