АСТАНА, 3 мау - Қазақстан жаңалықтары АА. Бірыңғай ұлттық тестілеудің алғашқы күні ҰБТ тапсыру кезінде түлектерден алты мыңға жуық ұялы телефон, екі мыңға жуық шпаркалка және 2 рация тәркіленді, тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер аудиториядан шығарылды деп хабарлайды сейсенбіде Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 2 маусымда тест тапсыруға өтініш жазған 27 670 түлектің 26134-і (94,5%) қатысты.
"Тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер аудиториядан шығарылды.Тест тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылған",-делінген хабарламада.
Бірінші күннің қортындысы бойынша, ең жоғары 125 баллды Алматы қаласындағы №178 лицейдің түлегі Әбдіжаппар Айғаным Бақытқызы жинаған.
3 797 түлек (14,5%) 100-ден астам балл жинаған. 2013 жылы мұндай нәтижеге 2 743 (11,4%) түлек қол жеткізген болатын. Алғашқы күнгі ҰБТ балы орта есеппен алғанда 76,6-ны құраған (2013 жылы – 75,5 балл).Ең төменгі көрсеткіш 50 баллды 6 233 (23,8%) түлек жинай алмаған. 2012 жылы бұл көрсеткіш 6 368 (26,4%) болған.
Дереккөз: newskaz.kz