Фото newskaz.kz сайтынан алынды.Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің IV саммитіне қатысу үшін Түркияға келді, деп хабарлады президенті баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Түркияның Бодрум қаласына Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің Төртінші саммитіне қатысу үшін келді», - делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесінің (ТМЫК) төртінші саммиті түркиялық Бодрум қаласында өтеді.
Отырыс аясында түркітілдес елдердің диаспораларын қолдайтын орталықтар құру және олардың халықаралық саясатқа ықпалын күшейту туралы шешім қабылданады, бірлескен іс-қимылдардың, атап айтқанда, білім, экономикалық ынтымақтастық саласындағы стратегиясын, сондай-ақ жалпытүркілік біртұтас телекөрсетілімді құру мәселесін талқыламақшы.
ТМЫК 2009 жылы негізі құрылды, оған Түркия, Қазақстан, Әзербайждан мен Қырғызстан мүше.
Былтыр тамыз айында әзербайжандық Габала қаласында Кеңестің үшінші саммиті болып өтті.
Дереккөз: ҚазТАГ