Атырау, 25 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайтадан девальвация болмайды – Қ.Келiмбетов

1 446 просмотра
Қайтадан девальвация болмайды. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

 «Бiз әдетте интервенция көлемдерi туралы ақпараттарды жария етпеймiз. Олар туралы белгiлi бiр мерзiмде ақпаратты берiп отырамыз. Егер де бұл мәселенi қарастыратын болсақ, Ұлттық банк сатып та, сатып алып та жатты. Сондықтан, қандай да бiр алаңдатушылық туғызатындай негiз жоқ. Ұлттық банк салықтық апта болғандықтан сатып алып жатса, белгiлi бiр клиентурамыз бар және осыған орай Ұлттық банк сатып та жатты. Жыл басында бұл көлемдердiң, тiптi, аз болғанымен келiсездер деп ойлаймын. Доллармен төлемдер айтарлықтай үлкен көлемде жүргiзіледі деп есептеймеймiн. Сондықтан, Сiздер «тағы да девальвация болады ма?» деген сауалды қойғыларыңыз келсе, девальвация болмайды дегiм келедi. Ондай қандай да бiр алаңдаушылықтарды байқап отырған жоқпыз», - дедi Қ.Келiмбетов.

Дереккөз: bnews.kz

 

2 маусым 2014, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.