Бүгін Қазақстанда мектеп бітірушілер арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің хабарлауынша, биыл шамамен 34 мың грант бөлінеді.
"Оның шамамен 12 мыңы техникалық мамандықтарға бес мыңға жуығы педагогикалық мамандықтарға, шамамен 2600-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі", - деді ол
Министрдің атап өтуінше, мәселен, талапкер ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін 70, аграрлық универсиеттерге 60, ал қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы тиіс.
Министрдің айтуы бойынша, білім гранты оқу орнына емес, талапкерге тікелей беріледі. Ал шекті бал өзгеріссіз қалған.
"Биылғы жылы ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін шектi балл 70 балл, аграрлық жоғары оқу орындарына 60 балл, қалғандарына 50 балды құрап отыр", - деп толықтырды министр.
Министр сондай ақ, соңғы кездері тестілеуде кезігіп жүрген мәнсіз сұрақтар жайына да тоқталды. Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, биылғы ҰБТ-ға енгізілген жаңа сұрақтар сапалы болады.
"Біз жыл сайын қолданылатын 50 мың сауалдың 14 мыңын жаңарттық. Жыл сайын аппеляцияның жұмыс істейтіні белгілі. Барлық комиссия ақпаратты жинап Білім және ғылым министрлігіне жолдайды. Біз оны сараптай келіп, жыл сайынғы сауалдарға өзгеріс енгіземіз", - дедә Сәрінжіпов.
Министрдің мәлімдеуінше, сұрақтың дұрыс құрастырылмау себебінен кей кездері жарты пайыздық деңгейде сауалдарға өзгерістер енгізіледі. Бұл өте төмен көрсеткіш. Биылғы сауалдар сапалы құрылғанына Аслан Сәрінжіпов сенімділік танытты.