«Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Николай Иванович Мамонтовты, Нүрия Құрманқызы Сынғалиеваны Жоғарғы Сот судьялары қызметінен босату туралы ұсынысы талқылауға енгізіліп отыр. Бұл судьялар зейнеткерлік жасқа жеткен және сот жүйесінде қызмет еткен аралықта өздерін беделді және тәжірибелі судьялар ретінде көрсетті. Қызметтерін үлкен жауапкершілікпен және абыроймен атқарды», - деді ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Бектас Бекназаров.
ҚР Жоғарғы Сот судьялары қызметіне Мейрам Құрмашұлы Жанғұттинов пен Серік Ахашұлы Әбдірахмановтың кандидатуралары ұсынылды.
«Ұсынылған кандидатуралардың судьялық тәжірибесі елеулі, біреуінде 15 жыл, біреуінде 24 жыл. Білікті және мол тәжірибесі бар судьялар», - деді Бектас Бекназаров.
Сенат депутаттары үміткерлерді бірауыздан қолдады.
Дереккөз: bnews.kz