Интеграцияны құру бір басқа, ал оның өміршеңдігін бүкіл әлем алдында дәлелдеу біздің ұлы міндетіміз. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою салтанатынан кейінгі мәлімдемесінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.«Жаңа қатерлер, жаңа қауіптермен қатар, тың міндеттер болады. Экономика табандауы да мүмкін, өзара сауда-саттық бүгінгі қарқынын төмендетуі де ғажап емес. Біз бұған дейін пайдаланбаған люфтты енді пайдалану жолын таңдап отырмыз. Осының өзі тек қана алға жылжудан басқа реакциялар тудырмауы керек. Біз кез-келген мәселенің ортақ шешімін табуға дайын болуға тиіспіз, барлық дағдарысты бірлесе еңсеруге тиіспіз», - деді Н.Назарбаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +2