Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында. Минск, 29 сәуір 2014 жыл. Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы - Ақордада Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің (ЕЭК) жиыны өтіп жатыр.
Жиынға қатысып отырған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин және Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін қол қойылатын Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісімге қатысты кезек-кезек сөз сөйледі. Әуелі сөйлеген Назарбаев келісімнің "жан-жақты сараланғаны, сауатты және үш елдің де барлық мүдделерін ескере отырып түзілгенін" айтты.
"Келісімде халықаралық ұйымға тән барлық аспектілер қамтылып, мемлекеттердің егеменді теңдігі, территориялық тұтастығы және мүше мемлекеттердің саяси ерекшеліктерін құрметтеу принциптері қамтылған" деді Назарбаев.
Александр Лукашенко Беларусь келісімді дайындау кезінде "саудаласып, жеңілдіктерге ие болды" деген пікірлерді жоққа шығарып, тараптардың келісімді "өз мүдделерін барынша қорғай отырып түзгенін" мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин келісім қол қоюға даяр екенін айтты.

Дереккөз: azattyq.org
29 мамыр 2014, 12:40