Атырау, 25 қараша 07:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕАЭО туралы шарт қатысушылардың барлығының мүдделерін есепке алады - Назарбаев

1 360 просмотра

АСТАНА, 29 мам - Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада бейсенбіде қол қойылады деп жоспарланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт  оған қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделерін есепке алады деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Шарт сауатты, теңгестірілген, оған қатысушы мемлекеттердің барлығының мүдделерін есепке ала отырып жасалды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Келіспеушіліктер де баршылық болғанымен, біз барлық тараптарды қанағаттандыратын ортақ консенсусқа келіп отырмыз», - деді Назарбаев мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстың шағын құрамдағы кездесуінде.

"Шартта халықаралық ұйымдарда көрініс табатын барлық базалық аспектілер қарастырылған. Мемлекеттердің егемендік теңдігі, территориялық тұтастығы, сондай-ақ, одаққа қатысушы мемлекеттердің саяси  құрылымын құрметтеу қамтылып отыр», - деп толықтырды сөзін ол.

Дереккөз: newskaz.kz

29 мамыр 2014, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.