Атырау, 1 қазан 00:24
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Төлқұжат пен жеке куәлікті тұрғылықты тіркеусіз-ақ алуға болады

2 228 просмотра

Қазақстандықтар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуге қарамай-ақ, төлқұжат пен жеке куәлікті кез келген халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ақпарат пен байланыс агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жаңа құжатттарды алу бойынша өтініш беруге болады. "Соңғы бір жыл бойы біз осы механизмді ішкі істер министрлігімен бірге жан-жақты пысықтап келдік. Бүгінде барлық мәселелер реттелді. Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтарында отыратын көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтардың тұрғылықты тіркеуіне қарамай, жаңа куәлік немесе төлқұжатты рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады. Бұл қызмет олардың уақытын, сондай-ақ басқа облысқа немесе елді мекенге баруға кететін шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Мәселен, сіз Ақтөбе қаласында немесе басқа бір елді мекенде тұрасыз. Бірақ қазір Алматы қаласында жүрсіз. Сізге төлқұжат немесе жеке куәлік алу үшін өз қалаңызға барудың қажеті жоқ. Алматы қаласында орналасқан кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш бере аласыз", - дейді агенттіктің электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

26 мамыр 2014, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.