Еуразиялық экономикалық одақты құру Қазақстанның ұлттық мүдделерін шектемейді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев.
"Бізде мемлекетте, біздің қандай да бір қаперімізсіз мемлекеттік егемендігімізді, ұлттық мүдделерімізді шектейтін жаңа келісімдерге, келіссөздерге тартады, деген белгілі бір үрей бар. Олай болмайды", - деді Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Ордабаевтың атап өтуінше, Еуразиялық экономикалық одақ пен оның комиссиясының барлық халықаралық қызметі қатаң бақылауға алынады.
«Яғни, болашақ одақтың бүкіл халықаралық қызметі Мемлекет басшыларының мақұлдауымен ғана іске асырылады. Тек одақтың жоғары кеңесінің келісімімен және оның мандатымен кез келген халықаралық келісім жасалады. Мұны ерекше атап өткен себебім, бүгінде «біздің келісімсіз жаңа құжаттар жасалады, біздің ұлттық мүддеміз ескерілмей қалады» деген сөздер айтылып жүр. Олай болмайды. Қоғамдағы қауіп-қатерлерді құжатты әзірлеген кезде барынша ескердік», - деп қосты вице-министр.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.