Атырау, 25 қараша 06:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біз ЕАЭО құру туралы келісімді саясиландыруға жол бермедік – С.Ордабаев

1 664 просмотра
Қазақстанның талап етуімен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімнен бірқатар мәселелер алынып тасталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Біз келісімді саясиландыруға жол бермедік. Одақ тек қана экономикалық байланыс негізінде жұмыс жасайды. Қазақстанның позициясы арқасында келісімнен жалпы азаматтық, сыртқы саясат, парламентаралық ынтымақтастық, төлқұжат-виза саласы, шекараны ортақ қорғау, экспорттық бақылау тәрізді т.б. сұрақтар алынып тасталды. Тізім өте үлкен», - деді С.Ордабаев.

«Осы ретте атап өтерлік жайт, болашақ келісімнен алынып тасталған салалар ешқайда кетпейді, ешқандай «сұрғылт» аймақ жоқ. Бұл мәселелер Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы, сол сияқты ТМД аясындағы екіжақты және көпжақты құжаттар арқылы реттеледі. Сондықтан ешқандай құқықтық ваккум болмайды. Бұл одақтың ерекшелігі тек экономикалық сұрақтар ғана болмақ. Сондай-ақ, үлкен әлеуметтік блокты алып тастадық. Бұл сұрақтар да екіжақты және көпжақты тұрғыда реттеледі», - деп қосты ол.

Дереккөз: bnews.kz

 

26 мамыр 2014, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.