Атырау, 1 қазан 00:35
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Астанамен қарым-қатынас Украинаның жаңа басшылығы үшін бірінші кезекте қолға алатын басымдықтардың бірі - Порошенко

1 269 просмотра

Әзірге президенттікке үміткер Петр Порошенко Киевте бірінші баспасөз конференциясын өткізіп, жаңа сайланған мемлекет басшысының алғашқы қадамдары қандай болмақ екенін, оның Ресеймен қалай қарым-қатынас орнататыны және Н.Назарбаевпен байланысы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап берді, деп жазады 24.kz. арнасы.

Порошенко Украина президенті болып сайланса немен айналысатыны жайлы айтты. Соның ішінде, Украинаның жаңа көшбасшысы Қазақстанмен байланысты дамыту керек деп санайды. Петр Порошенконың сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметі жоғары және біздің елмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, деп атап өтті телеарна.

«Мен Қазақстанға Кеден Одаққа қатыссыз-ақ қуана келемін. Бізде екіжақты ынтымақтастықтың шешуді қажет ететін көптеген мәселелері бар. Экспорт, сауда, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қолға алатын істер көп. Меніңше, Қазақстанмен байланыс жасау Украина Президентінің бірінші кезекте қолға алатын басымдықтардың бірі», - деп атап өтті Украина президенттігіне үміткер Петр Порошенко.

Кезек күттірмейтін мәслелердің бірі ретінде Порошенко Ресеймен қарым-қатынасты атап өтті. «Ресей - бұл біздің ең үлкен көршіміз. Қалыптасқан күрделі мәселелерге қарамастан, бізде жиылған мәселелерді шешуге бірден кірісуге мүмкіндік беретін форматтар жеткілікті», - деді ол.

Украинадағы президент сайлауына дауыс берушілердің 60 пайызы қатысты. Бұл - Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері. Президент орнына күресте хаттамалардың екі пайызын есептеуден кейін Петр Порошенко жеңіске жетті. Миллиардердің жинаған дауысы - 55,3 пайыз. Екінші орында - бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко - 12,5 пайыз.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

26 мамыр 2014, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.