Атырау, 25 қараша 07:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан санкция салу саясатының таралуына алаңдаулы - Назарбаев

1 799 просмотра
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмада  әлемде санкция салу саясатының таралуына  алаңдаулы екенін мәлімдеді.

«Қазақстан санкция салу саясатының жаһандық еркін сауда және еркін рынок қағидатына қайшы келетінін алға тартады. Еске сала кетейін, халықаралық қатынастардағы мұндай тәжірибе тарихта ешқашан да нәтижелі болған емес. Бұндай шара сөзсіз жаһандық экономикалық өсімді тежейді, жаһандық әділ энергетикалық жүйені қалыптастыруға кедергі болады», - деді Назарбаев  Астана экономикалық форумының пленарлық сессиясы барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік саясатта сенімділік деңгейінің төмендеуі - аса қауіпті құбылыс. «Өйткені, ХХІ ғасырдағы сенім - бұл өте-мөте экономикалық категория. Сенім жоғары болған сайын, әлемдік экономиканың ауқымды өсу мүмкіндігі де зор бола түседі», - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

23 мамыр 2014, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.