Рудный қаласында 24 сәуірде жоғалып кеткен Виктория Ганяның ата-анасы қызының мәйітін таныды, деп хабарлайды BNews.kz Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 мамыр күні Рудный –Тобыл тасжолына жақын жерде салынып жатқан ғимаратты тексеру барысында жас қыздың мүрдесі табылды. Рудный қаласында 24 сәуірде жоғалып кеткен Виктория Ганяның ата-анасы қызының мәйітін таныды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сараптама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, жоғалған қызды іздеу үшін арнайы шұғыл тергеу тобы құрылып, оған еріктілер де тартылған еді. Кейіннен полицейлер ҚР ҚК 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қылмысты жасаған күдіктілерді анықтау бойынша шұғыл іздеу шаралары жалғасуда.