Қостанай облысының ІІД жаңа ғана: «22 мамыр күні Рудный-Тобыл» жолына жуық маңда салынып жатқан ғимаратты тінту кезінде кішкентай қыздың мәйіті табылды.
Полицияның болжамы бойынша, ол Рудный қаласында 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалған Виктория Ганя болуы мүмкін. Бұлай деуге үстіндегі киімінің жоғалған қыздың үстіндегі киіміне ұқсас болуы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталуда, сараптама тағайындалды» деген хабарлама таратты.
Бұған дейін хабарланғандай, жоғалған қызды іздеу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, іздеу шараларына еріктілер тобы қосылды. Полиция ҚР ҚК-нің 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Әзірге қылмыскердің кім екендігі белгісіз. Хабарламада қылмысты жасаған күдіктіні анықтау бойынша жедел іздеу шаралары жалғасып жатқаны айтылған.
Дереккөз: ҚазАқпарат