Атырау, 26 желтоқсан 02:52
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

«Qazaq Banki» АҚ-ға 1,3 млн теңге айыппұл салынды

2 660 рет қаралды

Биылғы жылдың мамыр айында ҚР Ұлттық банкі төрағасы орынбасарының қаулысымен «Qazaq Banki» АҚ мен оның лауазымды тұлғасына 730 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды BNews.kz KASE-ке сілтеме жасап.

 Хабарламада айтылғандай, ҚР Ұлттық банкі төрағасы орынбасарының 2014 жылғы 15 және 17 мамырындағы қаулыларымен Qazaq Banki мен оның лауазымды тұлғасына 730 АЕК мөлшерінде 1 351 960 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Айыппұл ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 168-2 бабы 1 және 11 тармақшасында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін салынған.

Естеріңізге салып өтсек, 1993 жылы құрылған «Сенім-Банк» АҚ өткен жылдың маусымында «Qazaq Banki» АҚ-ға өзгертілген еді. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Qazaq Вanki-нің активтері 48,6 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: bnews.kz

 

22 мамыр 2014, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.