Атырау, 25 қараша 06:59
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сұбханбердин ЕҚДБ-дан Қазкоммерцбанк акцияларының топтамасын сатып алды

2 296 просмотра
Нұржан Сұбханбердин. Фото: tengrinews.kzНұржан Сұбханбердин. Фото: tengrinews.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ірі акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Нұржан Сұбханбердин Еуропалық Қайта құру және даму банкінің жай акцияларына жайғастырылған (76,095,329 дана жай акциялары) ҚКБ-ның 9,77 пайыз көлеміндегі акцияларын сатып алды.

Аталған келісім өз рөлін орындаған ЕҚДБ-ның инвестициядан шығу бойынша саясатына сәйкес жүргізілді, деп хабарлады банк баспасөз қызметінен.

ЕҚДБ Қазкоммерцбанкпен 1998 жылдан бастап жұмыс жасай бастады және ЕҚДБ бастамасымен Қазақстанда іске қосылған барлық несиелеу бағдарламаларымен қатар, ҚКБ-тің еншілес сақтандыру компаниясына (Қазкоммерц полис) инвестиция бөлу мен Қырғызстандағы ҚКБ еншілес банкінің қорын ұсыну серіктестігі іс жүзіне асқан болатын.

2003 жылы ЕҚДБ ҚКБ-тің дамыту және корпоративтік басқару жүйесін жақсарту мақсатында 15 пайыздық үлестегі акционері атанды. Сонымен қатар, ЕҚДБ ҚКБ-ның Лондон биржасындағы 2006 жылғы сәтті IPO-сын қолдады және өзінің акцияларының бір бөлігін сата отырып, инвесторларға ұсынылған акциялар санын өсірді. ЕҚДБ 2008 жылғы дағдарыстан кейін банктің нарықтағы рөлін нығайту үшін ҚКБ-тің капиталына қосымша инвестиция бөлді.

«11 жыл ішінде ЕҚДБ ҚКБ-тің акционері болды және қазір банктің капиталынан шығуы мүмкін. Себебі ҚКБ дағдарыстан ұтымды шығып, келешекте Қазақстанның қаржылық жүйесінде көшбасшы рөлін иелене бермек. Біздің серіктестігіміз әлі де жалғасын табады», - деді ЕҚДБ-нің басқарушы директоры Ник Тессейман.

«Біз ЕҚДБ-не сәтті серіктестігі үшін, сондай-ақ тәжірибесіне алғысымызды білдіреміз. Болашақта өзара тиімді іскерлік серіктестігіміз әлі де өз жалғасын табатынына сенеміз», - деді Н.Сұбханбердин.

Дереккөз: inform.kz

21 мамыр 2014, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.