Атырау, 25 қараша 06:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астанаға 16 жылдың ішінде 5 трлн долларға жуық инвестиция тартылды

1 352 просмотра
Астана. Фото: nur.kzАстана. Фото: nur.kzАстанаға 16 жылдың ішінде 5 трлн долларға жуық инвестиция тартылды. Бұл туралы VII Халықаралық инвестиция форумында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"16 жылдың ішінде елордаға 4 трлн 780 млрд теңге қаржы тартылды, соның арқасында құрылыс сәтті жүргізіліп, қаланың дамуының бас жоспары іске асырылды", - делінген хабарламада. 

"Мемлекет басшысының Астана қаласына инвестиция тарту мәселесіне база назар аударуының арқасында елордамыз қысқа мерзім ішінде өзін-өзі қамтып отырған қалаға айналды. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны үш есеге жуық артып, ЖІӨ-нің көлемі 54 еседен артық өсті, Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді, ал инвестициялар 28 есе артты", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Елорда басшысының атап өтуінше, Астана Қазақстан елордасына айналған уақыттан бастап 12 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, шамамен оның 6 миллионы - соңғы төрт жылда бой көтерген.

"Инвестициялар есебінен қаланың индустриялдық дамуына қолдау көрсетіледі. Әлемге танымал өндірістер қаламызда іске қосылып жатыр. Өткен жылы өндірістің жалпы көлемі 0,5 млрд долларды құрады", - деді Астана әкімі форумда сөйлеген сөзінде.
 

21 мамыр 2014, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.