Атырау, 18 қараша 20:15
 ашықВ Атырау 0
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

"Тополь" зымыраны Қазақстанның Сары-Шағанындағы көздеген нысанды жойды

1 960 просмотра

Ресей әскерилері Астрахан облысындағы Капустин Яр полигонынан континетаралық-баллистикалық "Тополь" РС-12М зымыранын сәтті ұшырды, - деп хабарлайды  РИА Новости басылымы РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сынақтан өткен "Тополь" зымыраны Мәскеу уақыты бойынша 20 мамыр күні сағат 21:08 минут кеткенде ұшырылды. Оқу-жаттығу мақсатында ұшырылған әскери зымыран Қазақстан аумағында орналасқан Сары-Шаған полигонындағы көздеген нысанын жойған. РФ Қорғаныс министрлігінің айтуынша, олар "Тополь" РС-12М зымыранын ұшыру арқылы болашақтағы континетаралық-баллистикалық зымыранның әскери жарақтану потенциалын сынап көрмек екен.  

Естеріңізге сала кетейік, "Тополь" зымыранының ұшырылуы салдарынан әуеде ерекше жарық пайда болған. Оны Қазақстанның бірқатар қалаларының тұрғындары байқаған. Әлеуметтік желіні пайдаланатындардың айтуынша, зымыранның ізінен қалған жарықты Атырау, Ақтау, Орал және басқа да қаланың тұрғындары көрген. 

Дереккөз: tengrinews.kz

21 мамыр 2014, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.