"Жамбылбаев Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 311 бабы 3 тармағы бойынша айыпты деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды" деп мәлімдейді Қызылорда облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Аида Жаңабергенова. Судья мен пара беруші арасында жүрген делдал да назардан тыс қалмаған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында Батыс Қазақстан облысында аудандық сот төрағасы Бақытжан Сатыбалдиев 200 мың теңге парамен ұсталған болатын. Жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалаған судья қаржы полициясының құрығына түскен еді. Сатыбалдиев жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Дереккөз: tengrinews.kz