Атырау, 25 қараша 06:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев Қытаймен ондаған млрд долларлық келісімдерге қол қоймақ

1 700 просмотра

Фото: nur.kzФото: nur.kzБейжің мен Астана өзара даму қарқынын күшейтпек. Шығыстағы көршіміз тіпті Қазақстанның тікелей теңізге шығуына мүмкіндік берді.

Яғни Ляньюнган портында еліміз үшін өте маңызды Еуропа мен Азияға жүк тасымалдайтын жаңа терминалдың құрылысы басталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұндай тарихи сәт Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапарына тұспа тұс келді. Тура үш күнге созылатын іссапар кезінде Қытай мен Қазақстан ондаған миллиард доллардың келісіміне қол қоймақ.

Әуежайдан түскен бойда Елбасы бірден "Сизяю" резиденциясына жол тартты. Мұнда Қазақстандық әріптесін Қытай басшысы Си Цзиньпин қарсы алды. Салтанатты қарауыл сап түзеп қос мемлекеттің әнұраны орындалды.

Нұрсұлтан Назарбаевқа аспан асты елінің сарбаздары ғана емес, қазақ пен қытайдың туын ұстаған балалар да үлкен қошемет көрсетті. Протоколда бекітілген ресми шаралар аяқталған соң Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев алдымен жеке, кейін кең құрамда кездесу өткізді.

Сондай-ақ Ляньюнган портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын бастап берді. Бұл терминал еліміздің жүк тасымалын Оңтүстік Шығыс Азия мен Еуропаға бұрынғыдай 45 емес, 15 тәулікке қысқаратады. Бұдан бөлек құны 8 миллиард доллардан асатын бірқатар келісімдерге де қол қойылмақ. Оның қомақты бөлігі мұнай-газ саласына қатысты.

Өйткені, Қытай - Қазақстанға жай көрші ғана емес экономикасына мол инвестиция құйып отырған мемлекет. Сондақтан ресми Астана Бейжіңді стратегиялық маңызды әріптестерінің бірі ретінде санайды.

Ал Шанхай мен Елорда арасында екі сағат айырмашылық бар екенін ескерсек, қазір Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы келіссөз әлі жалғасып жатыр. Елбасының ресми сапары ертең жалғасын табады.

Дереккөз: nur.kz
Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/314202.html

20 мамыр 2014, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.