Атырау, 25 қараша 07:12
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шымкентте жалаңаш тастанды бала табылды

2 405 просмотра
Полиция қызметкерлері Шымкенттегі сауда орталығы маңындағы көшеде жалаңаш жүрген тастанды баланы тауып алды, - деп хабарлайды TVK-UKO. Полицейлердің айтуынша, тастанды бала бірнеше сағат бойы көшеде тұрған. Баланы жүргіншілер байқап қалып, құқық қорғау органының қызметкерлеріне хабарлаған.  

Полицейлер балаға алма беріп, Әл-Фараби учаскелік пунктіне әкелген. Бірақ сәби сөйлей алмағандықтан оның ата-анасын анықтау қиын болыпты. Тек екі күннен кейін ғана оның анасы табылды. Ол полицияға келіп, баланы үйіне алып кеткен. 

Естеріңізге саламыз, аталмыш қалада тура осындай тағы бір шу шыққаны белгілі. Шымкенттің бір тұрғыны үйінің маңынан үш бірдей тастанды баланы тауып алған еді. Азаматтар балалардың қарда қалуына қарап, оларды тастанды екен деп ойлаған. Ал, полицейлер олардың шешесінің жезөкшелік жолға түсуі мүмкін екенін айтқан-ды. Десек те, балалардың шешесі оларды тастап кетпегенін, бұл енесінің ісі екенін айтып ақталған болатын. Келіні жұмыста болғанын пайдаланып, осындай қадам арқылы балалардан құтылуды ойлапты-мыс. 


Дереккөз: tengrinews.kz

20 мамыр 2014, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.