Атырау, 25 қараша 06:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қарағанды облысында сарбаз өзін-өзі атып тастады

2 073 просмотра

"Қарағанды облысында әскери мерзімдік қызмет өтеп жүрген сарбаздың жансыз денесі күзет мұнарасынан табылды. Сарбаз қатаң тәртіптегі колонияны күзеткен. Алдын ала болжам бойынша 19 жастағы Мырзабай Сапарбаев Калашников автоматты қаруынан өзін бастан атқан" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жетінші арна" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Долинка ауылындағы түзету мекемесінде күндізгі уақытта орын алған. Сарбаздың өлі денесі күзетті алмастыру кезінде табылған. ҚР ІІМ ІӘ "Орталық" аймақтық командованиесі бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары Мұрат Атибаев оның Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы екенін, өткен жылы желтоқсан айында Алматы қаласынан мерзімдік әскер қатарына шақырылғанын және алғашқы кезде әскерде қызмет етуден бас тартып, ата-анасымен сөйлесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң қызмет етуге келіскенін айтады.

Атибаевтың сөзіне қарағанда, қайтыс болған сарбаздың денесіне еш зақым келмеген, қылмыс ізі жоқ және күш көрсету болмаған. Сарбаздың неліктен өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Десе де, КТК телеарнасының мәліметіне қарағанда, Сапарбаевқа байырғы қызметкерлер тарапынан қысым көрсетілген болуы ықтимал. Қайтыс болған сарбаздың туыстары "қайғылы оқиға алдында ол анасынан "дембелдер" үшін 20 мың теңге мен сағат салып жіберуді сұраған" дейді. Туыстары "оны өлімге итермелеген" деп отыр.

Сонымен қоса, телеарна бұл 6505 әскери бөліміндегі бірінші қайғылы оқиға емес екенін мәлімдеді. Осыдан жарты жыл бұрын мерзімді әскери қызмет өтеп жүрген Бекжан Бауыржанов әскерден қайтуына екі күн қалғанда асылып қалған болатын, ал бір жырым жыл бұрын Александр Зайцев күзетте тұрған жерінде өзін-өзі атқан еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

20 мамыр 2014, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.