Атырау, 5 желтоқсан 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Қытайға барды

1 214 рет қаралды

Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қытайға барды, деп хабарлады Ақорданың сайты.  

«Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бірқатар қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізеді», - делінген хабарламада.  

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитіне қатысады, онда тұрақтылықты және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың өзекті мәселелері талқыланады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 мамыр 2014, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.