ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылы 4 ЕС-145 тікұшағын сатып алмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында аталған ведомствоның басшысы Владимир Божко мәлім етті.
Оның атап өтуінше, министрлік тез ден қою күштерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2013 жылы 4 ЕСЧ-145 тікұшағын, 166 өрт сөндіру және апаттық құтқару техникасын, 2435 байланыс құралы, ұйымдастыру техникасы мен техникалық жабдық сатып алған.
«Ағымдағы жылы 4 ЕС-145 тікұшағын, 115 өрт сөндіру және апаттық құтқару техникасын, 2251 байланыс құралын, ұйымдастыру техникасы мен техникалық жабдық сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.
В.Божконың айтуынша, ведомствоның бюджеті тұрақты түрде артып келеді. Ағымдағы жылы министрлік бюджеті 100 млрд. теңгеден асып жығылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат