Атырау, 25 қараша 06:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Павлодарлық «Ертіс» ФК басшылары соққыға жығылды

1 177 просмотра

Павлодарда бүгін оқыс оқиға орын алды. «Ертіс» клубының директоры Хәлімжан Ержанов жалдап тұратын пәтерінің алдында оның өзін және осы ФК спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жыққан деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Беттеріне қара бетперде киген екі адам павлодарлық футбол клубының жетекшілерін әдейілеп торуылдағанға ұқсайды. Олар зардап шегушілерді арматурамен ұрып, соққының астына алған.
Қазір Болат Ысқақов жансақтау бөлімінде жатыр, оған ота жасалуда. Ал Хәлімжан Ержанов біршама алған жарақаттарына қарамастан, ауруханаға жатудан бас тартқан.

«Қазіргі сәтте Ысқақовтың жағдайы ауыр. Хәлімжан Сағидоллаұлы да басынан жараланды, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты», - деп нақтылады керекулік команданың дәрігері Сергей Фомин.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

19 мамыр 2014, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.