Атырау, 25 қараша 06:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

А.Сәрінжіпов: 9 және 11 сынып бітірушілері үшін мамандықтар базасын құру қажет

2 901 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 120 мыңға жуық кәсіпорынның тек 0,03 пайызында ғана оқу орталығы бар. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«117849 кәсіпорынның тек 0,03 пайызында ғана оқу орталығы бар. Бұл өте алаңдатарлық көрсеткіш және ол өндіріс технологиясының төмендігін немесе жұмыс берушілердің жұмыс орындарын дұрыс аттестаттамауын көрсетеді»,-  деді А.Сәрінжіпов.

Министрдің атап өтуінше, аталған проблеманы шешу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрлар қажеттілігін анықтау әдісін жан-жақты талқылауы әрі жалақысы мен басқа да мәліметтерін көрсете отырып, талап етілетін мамандықтар базасын құруы қажет.

«Мұндай база құру 9 және 11 сынып бітірушілерінің мамандық таңдауына көмектеседі. Ол үшін кәсіпорындар, оның ішінде шағын және орта бизнес үшін мемлекеттік статистика нысанын жаңарту, сәйкесінше инфрақұрылым құру қажет», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

16 мамыр 2014, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.