Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан бірқатар ресейлік және шетелдік ғарыш аппараттарын ұшыруды қамтамасыз ету туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Үкімет сайтында жарияланған өкімге сәйкес, «Метеор-М №2, МКА-ФКИ (ПН-2), DX-1 (Ресей), TDS-1 и UKube-1 (Ұлыбритания), M3MSat (Канада), AISSat-2 (Норвегия), SkySat-2 (АҚШ) ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Фрегат» жүрдек блогты «Союз-2» зымыран тасығышы пайдаланылады.
Осыған байланысты Байқоңыр нысандарына шетелдік мамандарды жіберу қарастырылған.
Министрлер кабинетінен атап өткендей, аталмыш ғарыш аппараттарының әскери мақсаттағы міндеттері жоқ, олар тек Жерді қашықтықтан тексеруге, ғылыми эксперименттер жүргізуге арналған.