Жыл сайын 22 мыңнан астам мектеп түлегi еңбек нарығына бiлiктiлiксiз шығып жатыр. Бұл туралы бүгiн парламенттiк тыңдау барасында Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов мәлiмдедi, деп хабардайды BNews.kz тiлшiсi.
«Бүгiнгi күннiң өзiнде 14-24 жас аралығындағы 633,2 мың жастың мамандығы жоқ. Бұл жалпы жастардың 20%-ын құрайды. Олардың 94 мыңы ешбiр жерде жұмыс iстемейдi. Балалар мен жастар санының артуы бiлiм беру жүйесiнiң жүктемесiн арттырып отыр. Өңiрлерде білім беретін мекемелермен қамту бiркелкi болмағандықтан, бұл мәселе күрделеніп барады. Мысалы, оңтүстiкте 7 мыңға жуық орын жетiспейдi. Ал солтүстiк және шығыс аймақтардағы колледждерде 4 мың орын бос. Жыл сайын 22 мыңнан астам мектеп түлегi еңбек нарығына бiлiктiлiксiз шығады. Олардың жартысынан астамы оңтүстiк өңiрлердің тұрғындары», - дедi А.Сәрiнжiпов.
Дереккөз: bnews.kz
16 мамыр 2014, 11:15