«Мен бұл тікұшақтар Әзірбайжанда сұранысқа ие болады деген ойдамын, өйткені олар бірлескен қазақстандық-еуропалық өндіріс болып табылады. Біз осы өнімдерді өткізетін нарыққа қашанда қызығушылық танытамыз», - деп атап өтті Базарбаев.
Әскери атташе сондай-ақ Eurocopter EC145 әмбебап тікұшақ екенін тілге тиек етті.
«Тікұшақтар азаматтық нұсқада шығарылады, дегенмен медицина және полиция бөлімшелерінде, шекара қызметінде де қолданылып жүр», - деді Базарбаев.
Айта кетейік, Қазақстан Президентінің тапсырмасын орындау аясында 2010 жылы Қазақстанда «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС құрылды. Ал 2011 жылы Парижде екі ел Премьер-министрлерінің қатысуымен «Қазақстан инжиниринг» АҚ мен «Eurocopter» компаниясының басшылары ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған еді.
Дереккөз: bnews.kz