«2011 жылы Қазақстан үкіметі мен Еуропа одағының делегациясы қаржылық келісімге қол қойды. ЕО еліміздің өңірлерін дамытуға қаржы бөлді. Ал үкімет қай бағыттарға ақша бөлінуі қажет екендігін анықтады. ЕО 6,3 млн. еуроның жобасын қайтарымсыз қаржыландырып отыр», - деді Ольга Бродерик «Қазақстанның өңірлерін дамыту үшін мүмкіндіктер, шарттар және ұсыныстар» атты конференцияда.
Оның айтуынша, ЕО мамандары мен сарапшылары еліміздің ахуалын зерделей келе, өңірлерді дамытудың механизмдерін ұсынды.
«Біз бұл жобаларды енгізуге қол ұшын береміз, нақтырақ айтсақ, оны енгізу бойынша әдістеме мен құралдарды береміз. Бұл өңірлер арасында ШҚО, Маңғыстау және Қызылорда облыстары бар. Біз алған тәжірибемізді басқа да облыстарды дамытуда пайдаланамыз. Біз бизнесті дамыту мәселесін қолға алып, жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерді оқытуға және оларға несие берілуіне жағдай жасаймыз», - дейді О.Бродерик.
«Назар аударатын тағы бір мәселе – қазір облыстар өз араларында инвесторлар үшін бәсекелесіп жатыр. Біз олармен етене жақын жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, шекаралық инфрақұрылымды дамыту бойынша да жобалар бар», - дейді жоба жетекшісі.
Дереккөз: bnews.kz