Аталған заңды халық қалаулыларына таныстырған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаровтың атап өтуінше, Қазақстан мен Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғанысының өңірлік жүйесін құру мақсаты - екі мемлекеттің әуе кеңістігін күзету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
«Бұл жүйенің негізгі міндеттері құрылу және әскерлерді қолдану қағидалары келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ережеде көзделген. Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесі мынадай қағидалар негізінде құрылады және қолданылады: бейбіт уақытта әскерлердің жауынгерлік кезекшілікті атқаруы мен бірлескен іс-қимылдарын үйлестіруді ұйымдастыру, бірыңғай өңірлік жүйе әскерлерінің тікелей ұлттық қолбасшылыққа бағыныштылығын сақтау, әскерлердің жедел және жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру жолындағы тәсілдердің тұтас болуы», - деді ол.
Сондай-ақ О.Сапаров соғыс уақытында екі мемлекеттің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін қолдану бірыңғай ниетпен жоспар бойынша жүзеге асырылатынын айтып өтті.
Дереккөз: inform.kz