Атырау, 25 қараша 06:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қадырбаев пен Тәжіаяқовқа қатысты сот отырыстары бөлек өтеді

2 315 просмотра

Азамат Тәжіаяқов пен Диас Қадырбаевтың ісі екі бөлек қаралмақ. Қазақстандық студенттерге қатысты сот отырысы 30-шы маусым мен 8-ші қыркүйекке белгіленді. АҚШ соты осындай қаулы шығарды деп, хабарлайды ВВС. Сондай-ақ, сот отырысы басқа штатта өтсін деген прокуратура талабы орындалмайтын болды.

Еске салайық, Бостон университетінің студенттері Тәжіаяқов пен Қадырбаев айғақ заттарды жасырды деп айыпталған. Айыптау қорытындысына сай, олар Джохар Царнаевтың жарылғыш зат салған дорбасы мен ноутбугін жасырмақ ниетте қоқысқа тастап жіберген. Кейін ол заттарды арнайы қызмет өкілдері табады.

Прокурорлардың пікірінше, Царнаевтың достары оның терактіге қатысы барын білген және айғақ заттарды әдейі жасырған. Екі қазақстандық та өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда оларға 25 жыл абақтыда отыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, ағайынды Джохар мен Тамерлан Царнаевтарға, өткен жылы 15 сәуірде Бостондағы марафонда жарылыс ұйымдастырды деген айып тағылды. Қайғылы оқиғадан 3 адам қаза тауып, 180-нен астам тұрғын жараланған.

Дереккөз: Астана арнасы

14 мамыр 2014, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.