Биылғы сәуірдің ортасында ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінде Грузияның ҚР-дағы Елшісіне Қазақстан азаматтарын Грузияға кіргізуден бас тарту жағдайларына байланысты ресми нотаны тапсырды.Белгілі болғандай, Грузия Елшісіне сонымен қатар аталған мәселе бойынша кейбір Қазақстан азаматтары өтініштерінің көшірмесі де ұсынылған.
Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, Нұрлан Қасымқұловпен кездесу барысында Зураб Патарадзе ТМД елдерінен келген рейстерде осындай оқиғалар орын алғанын және бұл ақпаратты өзінің басшылығына жеткізетіндігін атап өтті. Сонымен бірге, Грузия Елшісі депортация оқиғаларының жақында өзінің елінде трафикпен және адам саудасымен күрес бойынша өткізілген шаралармен жанама байланысы болуы ықтимал екенін түсіндіріп бақты.
Сөз соңында Зураб Патарадзе екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды ескере отырып, сондай-ақ 2014 жылдың Грузиядағы қазақстандық туризмнің жылы деп аталуына байланысты грузиндік тарап Қазақстан туристерінің сапарларына барынша қолдау білдіруге дайын екенін атап өткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +2