Атырау, 25 қараша 06:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда 1 маусымнан бастап алкоголь импортына уақытша тыйым салынады

2 754 просмотра

Қазақстанның тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі 2014 жылдың 1 маусымынан бастап ел аумағына ішімдік өнімдерін әкелуге және сатуға уақытша тыйым салмақ деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Мұндай шара қабылдауға Қазақстанның тұтынушылар нарығында Италия, Франция, Шотландия, Ресей, Беларусияда және басқа да көптеген елдерде шығарылған және ұлттық заңнаманың талаптары мен Кеден одағының техникалық регламентінде белгіленген талаптарды бұза отырып, сатылатын алкоголь өнімдерінің елімізде көптеп таралуы себеп», - делінген хабарламада.

Бұл елдегі алкоголь өнімдерін шығарушылар зат таңбасында 18 жасқа дейінгі тұлғаларға тұтынуға қойылған шектеуде ішімдіктің денсаулыққа тигізер зиянын дұрыс көрсетпеген. Сонымен қатар, заттаңбасында өнімді шығарушының атауы, орналасқан жері немесе алкогольдік өнімді импорттаушының мекен-жайы көрсетілмеген; ішімдіктің құрамы жазылған қағаздағы таңбалар анық көрінбейді. Бұған қоса, мемлекеттік тілдегі ақпарат жоқ немесе толық емес.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

12 мамыр 2014, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.