Атырау, 28 қараша 23:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қызылорда облысында 10 адам опат болған апатқа қатысты жаңа дерек шықты

1 848 просмотра

10 адамның өмірін жалмаған Қызылорда облысындағы апатқа қатысты жаңа мәліметтер шығып жатыр. Сол жантүршігерлік жол апатында тірі қалған жолаушылар бірауыздан джип тізгініндегі азаматты айыптауда. Айтуларынша, қарсы бағытпен автобус емес, қымбат көлік тағымдаған жүргізуші жүйткіген. Рульде шенді қаржы полицейі отырған деген де ақпарат бар. Сол құзырлы орынның атына кір келтірмес үшін тәртіп сақшылары кінәні автобус жүргізушісіне арта салды дейді жапа шеккен жолаушылар. Апатта жараланған 9 адам қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында.

10 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апаты 7 мамыр мерекесі күні, Шиелі ауданында болған еді. Лэнд Крузер Прадо мен Мерседес шағын автобусы бетпе-бет соғылған. Соққының қатты болған сонша, көлік ішіндегі адамдар терезеден сыртқа шығып кеткен. Айдалаға жедел жәрдем жеткенше, жолаушылар бірінен соң бірі жан тапсырыпты. Тәртіп сақшылары алдын ала болжам жасағанда, апатқа қарсы бағытпен жүрген автобус жүргізушісін кінәлаған. Алайда аман қалған адамдар мүлдем басқа мәлімет айтып отыр. 

Ғабит Қамысбаев, зардап шегуші:

-Біз емес ол, Джип кінәлі қарсы бетке шыққан. Бізді келіп ұрды. Мен айқайладым ұрады анау ұрады деп едім, сол кезде келді де, ұрды. Сосын аударылдық. Сосын біздің машина қайтадан Қызылордаға қарап қалды. Шиелідеп шыққан машина Шиеліге қарап қалды.

Қанат Ержанов, зардап шегуші:

-Айқай болып кетті. Тұрып қалсақ, джип қарсы бетке шығып ұрды ғой бізді. Ес жисақ жерде жатырмыз.Бір жарым сағаттай жедел жәрдем күттік. Нақты білмеймін көбісі сол жерде көз жұмып жатты Алла-ай, Алла-ай деп. 

Ал,Әзілхан Досқұлов, осы апаттың салдарынан анасынан жер қойнына тапсырды. Әкесі болса, ауыр халде ауруханада. Оның өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр. Қайғыдан қан жұтқан жігіт «құзырлы орындар жол апатына қатысты шындықты бүркемелеп отыр»-дейді.

Әзілхан Досқұлов, зардап шегушілердің туысы:

-Прадоныңжүргізуішісі  құлаған кезде оны сол жерден бірден алып кеткен. Оның денесін алып, қалғандарын қалдырған. Неге алып кеткен? Ол қаржы полициясының бір бөлімінің бастығы болған.

Апаттан аман қалған тағы бірнеше адам қазір дәрігерлердің қарауында. Бірі басынан ауыр соққы алып, хәл үстінде жатса, енді бірінің қол-аяғы сынған. Ажалдан аман қалғандардың барлығының өміріне төнген қауіп жоқ дейді ақ халаттылар. Ал, Қызылорда облыстық жол полициясы болса, әлі ресми жауап қатқан жоқ. Сондықтан шапа шеккендер Қызылорда облысының әкіміне хат жазып, істің әділ тергелуін сұрап отыр.

Дереккөз: КТК

12 мамыр 2014, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.