Атырау, 25 қараша 04:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Гитлер жайлы жазып, басы дауға қалған бас редакторға қатысты сот үкімі шықты

2 070 просмотра
Алматыда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы «Жұлдыздар отбасы - Аңыз адам» журналының редакторы Жарылқап Қалыбайға 218400 теңге мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

«Сот Жарылқап Қалыбайды ҚР Әкімшілік кодексінің 350 бабының 1 тармағы бойынша айыпты деп тауып, осы бап бойынша әр іске 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындады. Барлық әкімшілік іс бойынша айыппұл көлемі 120 (жүз жиырма) айлық есептік көрсеткішті, яғни 218400 теңгені құрады. Сот үкімі бойынша басылым тиражы тәркіленбейтін болды», - деді Қуандық Ешімет.

Естеріңізге сала кетейік, «Жұлдыздар отбасы - Аңыз Адам» журналының  өткен айдағы саны фашизмнің көсемі Адольф Гитлерге арналған еді. Басылымда жарияланған «Гитлер - фашист емес» атты мақала көпшілік қауым, әсіресе ардагерлер арасында үлкен наразылық тудырған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 мамыр 2014, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.