Атырау, 25 қараша 04:42
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Калачи ауылын жайлаған «ұйқы дертіне» қатысты алдын ала қорытынды жасалды

1 491 просмотра
Калачи кенті мен Красногорский ауылын жайлаған «Ұйқы дертін» зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі. 

Жұмыс тобы сараптама нәтижелері негізінде ауру белгілерінің пайда болуына жылу маусымында жертөлелерде және желдетілмейтін тұрғын үйлерде жиналып қалатын буланудың жоғары концентрациясы себеп болды деген алдын ала қорытынды жасап отыр. Ауруханаға жеткізілген науқастар тұратын үйлерде (оның ішінде жертөлелерде) жасалған сараптамалар соны көрсеткен.

Ауру маусымға қарай, негізінен желтоқсан айының соңы мен наурыздың басында пайда болады.

Таралу көзін анықтау қажеттігі есепке алына отырып, материалдар ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жанындағы ведомствоаралық комиссияға берілді. Ұлттық ядролық орталықтың өңірдегі жұмысы жалғасуда.

Бұған дейін де хабарланғандай, 2013 жылғы наурыз айынан бергі кезеңде «ұйқы дертіне» себеп болуы мүмкін барлық факторларға қатысты 7 мыңға тарта зерттеулер жүргізілді. Радиациялық фонның, ауыр металдар тұзының шекті концентрациясының артуы анықталған жоқ. Бактериялық және вирусологиялық сараптамалар теріс нәтиже көрсетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 мамыр 2014, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.