Өтірікшінің баратын жері түрме! Қоғамда дүрбелең туғызатын жалған ақпарат таратқандарға бүгіннен бастап жаза қатал. Енді жел сөз таратуға жаны құмарлар 10 жылға дейін абақтыға тоғытылуы мүмкін.
Айта кетсек, аталмыш заңды қабылдауға ақпан айындағы «СМС-террорлық» әрекеті себеп болған еді. Белгілісіз біреулер WhatsApp желісімен елдегі 3 бірдей банктің банкрот болғанын хабарлаған. Девальвациядан кейін шошып қалған салымшылар жапатармағай банктегі депозиттерін алуға асықты. Осы жел сөзді таратқан банк қызметкері кейін ұсталып, 20 тәулік темір торда отырып шыққан болатын. Енді бүгіннен бастап мұндай жеңіл жазамен құтылу мүмкін емес. Кемі 2 млн теңгедей айыппұл төлейді. Тіпті топтасып, қасақана жалған ақпарат таратса, 10 жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін.
Дереккөз: КТК арнасы