Атырау, 25 қараша 04:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жөндеуден кейін Қашаған жобасының құны 700%-ға артуы мүмкін

1 481 просмотра
Кен орнындағы барлық құбыры түгел ауыстырылғаннан кейін Қашаған жобасының құны бастапқы бәсінен 700%-ға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне MFX Broker компаниясының талдаушысы Сергей Некрасов айтты.

Сарапшының айтуынша, Қашағанның бастапқы құны 57 млрд доллар болды. Бірақ ол іске асырыла бастаған кезде құны 136 млрд-қа дейін өсті. "Құбырларын түгел ауыстырудың қажеттілігін ескерген кезде жоба құны 400-600 млрд долларға дейін артуы мүмкін", - дейді Некрасов.

Аналитик жаңа құбырлардың бұрын қолданылған материалға қарағанда 10-15 есе қымбатқа түсетін арнайы қорытпалардан жасалатынын айтады. Бұл жұмыстар 250-500 млрд долларға бағалануы мүмкін. "Біз құбыр ауыстырудың орташа бағамы 350 млрд доллар және құбырлардың бастапқы құны шамамен 50 млрд доллар болады деп есепке алдық", - дейді Некрасов. Ол қазіргі уақытта Қашағанда құбырлардың құны бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Ал "Финам Менеджмент" компаниясының сарапшысы Дмитрий Баранов Қашағанда болған жағдайды форс-мажор деп санайды. "Республика билігі немесе акционерлер оқиғаның бұлай дамитынын болжамаған болар. Табиғат кезекті рет өзімен ойнауға болмайтынын дәлелдеді. Енді жобаның әлі де пісіруді қажет ететініне ешкім де күмән келтірмейді. Бірақ қолға алынған шаралар, соның ішінде, жаңа құбырлар әзірлеу өте қажет", - дейді Баранов.

Оның айтуынша, кен орнының күрделілігін және дайындалып, орнатылуы тиіс құбырдың ерекшелігін ескерген кезде, екі жыл мерзім деген аса көп уақыт емес. Сол себепті жобаның тоқтатылатын уақыты тағы да ұзаруы ықтимал. "Жаңа құбырларды дайындау ғана емес, кен орнындағы жағдайда оның жұмыс істеу мүмкіндігін сынау, оның беріктігіне көз жеткізу, осының бәрі көп қаржымен бірге уақытты да талап етеді. Демек, өндіріс мейлінше ұзақ мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Мұның қосымша инвестицияны талап ететіні түсінікті, бірақ республика мен акционерлер бұған мүдделі. Өйткені олай болмаған жағдайда Қазақстанның және Каспийдің солтүстік бөлігінің экологиясына ауыр зиян келуі мүмкін", - дейді сарапшы. 

Еске салайық, Қашаған жобасының операторы - North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының кен орнындағы құбырларды түгел ауыстырғалы отырғаны хабарланған еді. Соған байланысты биыл Қашағанда мұнай өндірілмейді. Бұқаралық ақпарат құралдары кен орнының кем дегенде екі жылға жабылатынын хабарлады, бұл уақытта кенішке жаңа арнайы құбырлар әзірленуі керек. Қазіргі уақытта жоба операторы құбырларды ауыстырудың жоспарын жасап жатыр, бұл жұмыс 2014 жылдың ортасына қарай аяқталады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

 

7 мамыр 2014, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.