Атырау, 25 қараша 04:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шекарашылар ресейлік браконьерлерге оқ атты

3 054 просмотра

Қазақстанның шекарашылары Каспий теңізінде браконьерлік кәсіппен айналысқан ресейлік азаматтарды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Қалқан" атты шекара кемесінің экипажы Құлалы аралының батыс жағында "байда" істептес шағын жүзу құралын ұстады. Бас кезінде шекарашылар тоқтауға бұйрық берген кезде, "Yamaha-200" маркалы екі қозғалтқышы бар кеме қаша жөнелді. Осыдан кейін экипаж қызметкерлері оқ атып, байданы тоқтатты. Оның бортында Ресей Федерациясының төрт азаматы болды", - делінген ресми хабарламада.

Шағын кемені тінту кезінде 500 метрлік ау, газ баллоны, спутниктік және ұялы телефондар, сондай-ақ басқа да құрал-жабдықтар табылды. "Шекарашылардың оғынан ешкім зардап шекпеген. Ішкі істер органдары аталған оқиға туралы хабардар етілді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап көрсетті шекара қызметі

Дереккөз: tengrinews.kz

6 мамыр 2014, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.