Атырау, 25 қараша 04:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мереке күндеріне арналған ауа райы болжамы

2 830 просмотра

Жақын арадағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«Жақын арадағы үш тәулікте және 7 мамыр - мереке күні Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райын жоғары атмосфералық қысымның аясы анықтайтын болады. Онымен әдеттегідей жауын-шашынсыз ауа райы байланысты», - деп жазылған хабараламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз ауа 20-30º дейін жылынады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-30 дейін, кей жерлерде 36º жылы, ол орташа көп жылғы мәннен 5-10º жоғары. Тек батыста 6 мамырда, ал солтүстікте 8 мамырда кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай және найзағай кезінде желдің 13-18 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

6 мамыр 2014, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.