Бұл апта қазақстандық жұмыскерлер үшін ең қысқа апта болмақ. Ел тұрғындары алдағы сәрсенбіден бастап қатарынан 4 күнге демалысқа шығады.
Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай елімізде мамырдың 7, 8, 9 және 10-ы күндері демалыс болып жарияланған.
Ал есесіне, жексенбі 11-мамыр - жұмыс күні болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мәжіліс депутаттары Үкіметке мерекелік демалыстарды бір жыл бұрын нақтылап, бекіту туралы ұсыныс жолдаған болатын. Халық қалаулылары қазақстандықтардың демалысты тиімді жоспарлауға септігін тигізетінін алға тартқан еді.
Дереккөз: nur.kz