Жаңаөзенде қатты тұрмыстық қалдықтардан кәріз люктері жасалады
2 338 просмотра
Мұнайшылар қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму зауыты толығымен жұмыс істемесе де, онда жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл Маңғыстау облысындағы алғашқы қоқыс өңдейтін комбинат саналады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
ҚТҚ қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысу үшін Ақтаудан Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев бастаған делегация келді.
Ақтау мен Жаңаөзенде халықтың 82-86% ҚТҚ шығарумен қамтылған. Зауыт салынбас бұрын қоқыс полигонға шығарылып, онда ол топырақпен көмілетін. Енді қалдықтардан қырлы тастар, кәріз люктері, жаңажылдық жылтырақтар жасалатын болады.