15 жасар Нарқыз Жолдасбаева мен Айдана Көжебаева дін аман. Қазіргі уақытта олар үйлеріне қайтарылды. Полициямен әңгіме барысында қыздар Алматыға кетіп, ақылсыздық жасағанын мойындаған.
Бұған дейін мәлім болғандай, оқушы қыздар үйлерінен 29 сәуірде шығып кеткен. Екі құрбы бір мектепте тәлім алады. Сабақтан соң олар бірге кеткен, содан соң оларды ешкім көрмеген. Олардың ұялы телефондары сөндірулі болған. Болжамдардың бірі бойынша, оқушы қыздардың бірі туыстарымен ұрысып қалғаны себепті олар үйден кетуге бел байлаған.
Баспасөз қызметі жетекшісінің сөзіне қарағанда, оларды табу қыздардың бірі ұялы телефонын қосқан соң мүмкін болған.
Дереккөз: tengrinews.kz