Бүгін ҚР жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру барысында осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Нақты айтатынымыз, жақын арада бензин бағасына ешқандай да өзгеріс енгізілмейді. Ал, дизельдік отын бағасы өзгеретін болады. Алайда, оның бағасы қай шамада болатындығы да белгісіз. Себебі, елдегі тарифті тағайындау мұнай бареліне тікелей байланысты. Сала мамандары бас қосып, арнайы формуланың негізінде бағаны нақтылайтын болады. Тарифке өзгеріс енгізілген сәтте міндетті түрде ресми мәлімдеме жасап, БАҚ арқылы хабарлайтын боламыз, - деді Асылбек Жексенбайұлы.
Дереккөз: Baq.kz