"Жалпы жоғары білім саласындағы заңсыз ақша айналымы жылына 100 млн.АҚШ долларынан асып түсуі әбден мүмкін",- делінген ведомстваның баспасөз-релизінде.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевтың айтуынша, бүгінде ЖОО-ларды басқару күңгірт және есеп бермейтін деңгейде. "Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біздің ЖОО-лар деңгейіндегі барлық шешім мөлдір емес. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың элементтері өте жоғары. Елімізде сыбайлас-жемқорлық жағынан білім саласы үшінші орында тұр. Сарапшылар берген ақпар бойынша, студенттің бір сессиясы 50 мың теңгені құрайды, тіпті одан да жоғары. Ал жалпы заңсыз ақша айналымы ондаған миллион доллардан асып түседі",- деді Такир Балықбаев Жоғарғы оқу орындарының жетекшілері қатысқан жиналыста.
Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев жақын уақытта Білім және ғылым министрлігінде антикоррупциялық саясатқа қарсы Кеңес құрылатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл ЖОО-ларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үйлестіріп, жастарды пара бермеуге, жемқорлыққа қарсы тұруға тәрбиелеуге септігін тигізеді.
Дереккөз: tengrinews.kz