2014 жылдың 1 маусымына дейін Арменияның Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы туралы шарт жобасы дайын болады. Мұндай тапсыраманы бүгін «үштік» басшылары берді, деп мәлімдеді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко. Бұл туралы БЕЛТА хабарлайды.
Виктор Христенко құжаттың 29 мамырда Астанада мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дейін дайын болуы қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, президенттер бүгінге дейін Арменияның Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуы жол картасын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстарды мақұлдады. Соның ішінде жол картасының құжатқа қол қойғанға дейін орындалуы тиіс 126 бөлімнің 111-і орындалып қойған, ал 15-і Арменияның КО мен БЭК-ке қосылуы туралы шарттың өзіне кіреді.
Дереккөз: bnews.kz
30 сәуір 2014, 09:49