Қостанай облысының ІІД-де 24 ақпан күні Рудныйда ұрланған жеті жасар Виктория Ганяның қайда екені жайлы сенімді ақпарат берген адамға бір миллион теңге беру туралы шешім қабылданды. ІІД өкілі Әділбек Нұрмахан іздеу шараларының әлі де жоғары белсенділікпен жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Осыған дейін хабарланғандай, белгісіз ер адам ұрлап кеткен баланы еріктілер, полиция мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметкерлер іздеу үстінде.
Арнайы жедел іздеу тобына жетекшілік еткен Қостанай облысының ІІД басшысы Тілеген Маткенов шараға қатысушылардың бәріне алғыс айтты. Осы оқиғаға байланысты қолұшын созып, іздеуге шыққан жүздеген адамның ісін ол қайырымдылықтың жарқын көрінісі деп атады.
Полициядағылар Виктория Ганя жайлы қандай да бір ақпарат берген адамға сыйақының жариялануы осы қылмысты ашуды тездетеді деген үмітте.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау +2